Жириновскийді тәубесіне келтірген кім? (видео)

/uploads/thumbnail/20170708182224911_small.jpg

РФ Жоғарғы думасының депутаты, РЛДП-ның жетекшісі, ресейлік саясаткер, интернеттің жұлдызы, думадағы дауқұмар депутат – Владимир Жириновскийдің жаңа видеосы қазақстандық БАҚ-та қызу талқыға түсті.  Онда Жириновский мырза «Разговор по душам» видеоблогының авторымен кездесіп, Қазақстан туралы шынайы көзқарасын жеткізген-мыс. Бұл туралы «Қамшы» порталы www.nur.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Өз  баяндамаларында әрнеге бір шүйлігіп, ақылға қонымсыз деректермен елді дүрліктіріп жүретін ресейлік саясаткер сабасына түсіпті, тәубесіне келіпті.

Ол Қазақстан жайлы айтқан сөздерін журналистер бұрмалады деп ақталған. “Алматы – менің туған қалам. Мен Қазақстанда 18 жыл тұрдым… Ресейде ешкім Қазақстанның мәртебесі мен шекарасына күмән келтірмейді. Біздің сөздерімізді кей журналистер бұрмалап жеткізіп жатады. Мәселен “Эхо Москвы” радиосында Плющевке сұхбат берген болатынмын. Онда біз Украина, Донбассты талқылап отырдық. Ол “келесі кезекте кім, Қазақстан ба?” деген сұрақ қойды. Мен “кейін” деп бұл мәселені талқылап жатпағанымызды аңдату үшін айтқан едім. Алайда журналистер қиып алып көрсетіпті. Содан қазақстандықтар мұны өздерінше түсініп, келесі кезекте Қазақстан тұр деп ұғып қалды”, – деп түсіндірген.

907710

Иә, өзінің улы тілімен ананы бір, мынаны бір шағып жүретін ресейлік саясаткер(Жирен сары) Қазақстанның территориясына ешкімнің көз алартып отырмағанын, шекараны ешкімнің өзгертуге әрекеттенбегенін айта келе, ортадағы арандатушылар Қазақстан мен Ресейдің асындағы қарым-қатынастарға сызат түсіруді көздегендер екенін жеткізген.

Сонымен қатар, Қырғызстанмен болған түсініспеушіліктерді де тізбектеді. Бұған дейін Қырғызстанға экономикалық дағдарыстан шығу үшін Ыстықкөлді сатып жіберу туралы ұсынысы жай ғана кеңес болғанын және кезінде Ресей де Алясканы сатып, тығырықтан шыққанын алға тартты.

Өз кеңсесінде журналистке жап-жақсы сұхбат беріп отырған Жириновский мырза,  Қазақстанға, Қырғызстанға қарата айтқан мәлімдемелердің жалған екенін, оны бұрмалап жібергенін, өзінің орта Азия елдеріне жақсы көзқараста екенін айтып ақтала келе, сөз соңында баяғы әдетіне басқан.

Ол Алматы қаласында орналасқан мектептердің біріне және Масанчи көшесіне өзінің есімін беруге қарсы емес екендігін жеткізген.

“Қазақстан – менің туған жерім. Мен тіпті Алматыдағы Масанчи көшесінің атауын Жириновский деп өзгертсе де қарсы емеспін. Ал өзім оқыған №25 мектепті Жириновский атындағы деп те атай берсін. Мүмкін болашақта солай істегісі келетіндер табылар, бәлкім? Есесіне туристер көп келетін болады. Бұл өздеріңе тиімді. Сондықтан алдын-ала келісімімді беремін”, – деп сөзін аяқтаған.

https://youtu.be/ytrmCmnQTCo

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар