Әрбір мемлекет өз азаматтарын қорғауы, олардың қомқоршысы болуы шарт. Бұл оның конситуциялық міндеті. Қазақтың сан ғасырлық тарихында "әр қазағым жалғызым" деген ұғым да өмірлік негізгі қағидаттардың бірі болған. Алайда бүгінде осы игі ұстаным ұмыт болғанының кезекті көрінісі - біздің азаматты өзбек шекарашыларының атып кетуі. Әрине, көрші елмен достық қатынастарын сақтау керек, бірақ бір емес, екі емес осындай қастандықтарды жауапсыз қалдыра берсек кім болғанымыз? Израиль деген шағын ғана мемлекет бар арабтардың қақ ортасында отырған. 2006 жылы Шалит Гилат атты жалғыз ғана жауынгері палестиналықтардың қолына түскенде бүкіл мемлкекет өре түрегелді. Израиль үкіметі осыдан Шалиттің басынан бір тал шаш түссе, аспанды төбелеріңе түсіреміз деп ескертті. Артынан тіпті ашық ашық соғыс әрекеттеріне барды, әйтеуір сарбазын қайтарды. Бәлкім, тым қатқыл шара да шығар. Алайда нәтижесінде Израиль азаматына қол көтерместен бұрын кімде-кім он рет ойланатыны хақ. Ал осындай халқы мен билігі бар әр азамат өз жері мен елі үшін аянбай күресетіні тағы да шүбә тудармас.
Расул Жұмалы, Facebook парақшасынан