Тоқаев: Парасатты басшы ретінде есімде сақтайтын боламын

/image/2019/07/26/crop-9_-16_416x581_detail_8f2c45e124914792eca866bc33340252.jpg

ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады Qamshy.kz ақпарат агенттігі деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Тунис Президенті Беджи Каид Ас-Себсидің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Президент Ас-Себси өз өмірін Тунис халқының игілігіне, әрбір отандасының мүддесін қорғауға арнады. Қазақстан халқы Беджи Ас-Себсиді парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады", – делінген жеделхатта.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар