Министр интернетке қолжетімділіктің нашарлауына қатысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Байланыс сапасына тоқталсақ, қауіпсіздік сертификатына байланысты жабдықтарды ретке келтіру бойынша жұмыстар басталысымен, желіге қолжетімдік бойынша қандай да бір проблемалар болуы мүмкін деген тиісті ақпарат жарияланды. Алайда бұл мәселе уақытша сипатқа ие. Қазіргі кезде бұл сертификатты орнаттым және менде байланыспен проблема жоқ. Тиісті сауалдар болса, аталған қызметке хабарласу керек, сәйкесінше барлық мәселелер шешімін табады деген ойдамын. Тиісті проблемалар болса, Мемлекеттік техникалық қызмет қажетті көмектерін жасайды, сондай-ақ байланыс операторлары да өздерінің көмектерін іске асырады", - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.
Пікір қалдыру