Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР ҰҚК "Мемлекеттік техникалық қызмет" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны директорының орынбасары Зекен Исмаилов билік ұсынып жатқан ұлттық қауіпсіздік сертификаты техникалық тұрғыда VPN-ды бұғаттай алатынын мәлім етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, бұл тек сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
"Егер сот шешім шығарса немесе өкілетті орган бұйрық берсе онда VPN бұғатталады", – деген ол VPN мен қаупісіздік сертификаты қатар қолданыла беретінін хабарлады.
Сондай-ақ ол бұғаттау деструктивті парақшалар мен контентке қатысты жүретінін ескертті.
Пікір қалдыру