Алматыда Жетісу ауданының әкімі ауысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімі бойынша Мақсат Қиқымов Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мақсат Қиқымов 1986 жылы туылған. Экономика мен статистика Академиясы мен "Туран" университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. Әр жылдары банк саласы мен мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған.
2012 - 2015 жылдары - Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, басшының орынбасары;
2015- 2017 жылдары - Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы; Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы;
2017 - 2018 жылдары - Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы; 2018 - 2019 жылдары - Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы;
2019 жылдың ақпанынан Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
Пікір қалдыру