Сотталушыларды азаптаған колония басшылары жұмыстан босатылды

/image/2019/07/29/crop-0_1_289x530_photo_58329.png

Алматы облысында сотталушыларды азаптау ісі бойынша колония басшысылары жұмыстан босатылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚАЖ Комитеті қызметтік тексеру жүргізіп, соның нәтижесінде біз тәртіптік комиссия отырысын өткіздік. Алматы облысы бойынша ҚАЖК департаментінің 14 қызметкері жазаланды. Оның ішінде жеті қызметкер жұмыстан босатылды. Оқиға болған ЛА 155/8 мекемесінің басшысы қызметінен босатылды. Оның екі орынбасары да жұмыстан босатылды", - деді арнайы баспасөз конференциясында.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде жантүршіктірерлік бейнежазбалар пайда болған-ды. Бейнежазбадан колония қызметкерлері сотталушыларды спортзалда азаптап жатқанын анық көруге болады. Тағы бір видеода әскери форма киген қызметкерлер ер адамды іліп қойғаны түсірілген. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар