Болат Бауыржанұлы Мажағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлы Мажағұлов ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Елорда мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін Болат Бауыржанұлына зор алғысымызды білдіреміз.
Жаңа қызметіңізбен құттықтаймыз!", - делінген Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрынының Facebook парақшасында.
Пікір қалдыру