"Әйелдеріңе ие болыңдар!". «Зың әкімнің" даулы мәлімдемелері

/image/2019/07/30/crop-90_51_628x1116_2.jpg

Ғабидолла Әбдірахымовтың Шымкент қаласы әкімі лауазымынан босауын жуырда Лондон көшелерінің бірінде жүріп түсірген даулы видеосымен байланыстырып жатқандар көп. Бұл Әбдірахымовтың қоғамда жиі талқыланған алғашқы мәлімдемесі емес, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Солардың кейбірін еске түсіруді жөн көрдік.

"Әйелдеріңе ие болыңдар!"

Арыстағы жарылыстан кейін митингіге шыққан тұрғындардың алдына келген Шымкент әкімі ер адамдарды айыптаған болатын. "Мен еркектерге ренжіп отырмын. Әйелдер айқайлайды, сөйлей береді. Ал еркектерге не жоқ? бірінші, өз әйелдеріңе ие болыңдар! Содан кейін ел туралы айтыңдар. Өздерің әйелдеріңе ие бола алмай, маған келіп әңгіме айтасыңдар", – деп шеруге шыққандарға ашуланған еді.

"Отаның мен анаңды таңдай алмайсың"

Былтыр қарашада Әбдірахымов қазақстандықтардан Отанын басқа мемлекеттермен салыстырмауын сұраған болатын. "Қазір мен баспасөзден мынаны оқимын – Америкада былай, Еуропада былай, бізде неге олай емес. Мен сіздерге айтайын, бізде оларға қарағанда әлдеқайда жақсы, еркін өмір, бізде рухани дүние бар. Осыны сақтап қалу керек. Отаның мен анаңды таңдай алмайсың. Сіздер көшеде жүріп "Мына әйел әдемірек екен, мен осыны анамның орнына таңдаймын" демейсіздер ғой, – деді әкім.

"Халық әйел секілді"

Былтыр, тағы сол қарашада Әбдірахымов Нұр-Сұлтанда орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты әйелге теңейтінін айтқан болатын.

 "Мен халықты әйелге теңеймін. Халық әйел сияқты. Өздеріңіз де білесіздер, әйел қамқорлықты, махаббатты қалайды. Жылулық қалайды, өзіне көңіл аударғанын жақсы көреді. Егер оған осының барлығын дер кезінде бермесең, олар көтеріліс жасауы да ғажап емес. Халықпен де тура сондай қарым-қатынас жасау керек", – деген еді Әбдірахымов.

"Шымкент қаласы - зың"

2017 жылы Шымкент қаласының туған күнін атап өтіп жатқанда "Қызық Times" шоуы концерт өткізіп, сахнаға Ғабидолла Әбдірахымов шыққан. Сол кезде жүргізушілер қала басшысынан Шымкентті бір сөзбен сипаттап беруді сұрайды. Осы кезде Ғабидулла Әбдірахымов "Шымкент қаласы – зың" деп қалжыңдаған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар