Алматыда «қоқыс» алаңдарының орнына 3 бірдей жағажай салынды

/uploads/thumbnail/20170708182247298_small.jpg

Алматыдағы  3 бірдей «қоқыс» толып қалған  каналдар күрделі жөндеу жұмыстарынан соң тұрғындардың пайдалануына беріледі. Бұл туралы «Қамшы» порталы AlmatyNews-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Пархач», «Баума тоғаны» және «Гүлдер» жағажайлары бір апта мерзімде, санэпидемиологтардың қорытынды тексеруі аяқталған соң, алматылықтардың пайдалануына берілетін болады.

2010-2015 жылдар аралығында кезең-кезеңімен   Үлкен Алматы каналына (ҮАК) су жіберу тоқтатылып, күрделі гидротехникалық реконструкциялық жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде кеңес кезеңінде негізі қаланған, алайда ескіріп қалғандықтан тұрғындардың қоқыс тастайтын орнына айналған 3 бірдей жағажай қайта қалпына келтірілген. Қайта қалпына келтіру жұмыстары үшін қалалық бюждеттен 400 млн. теңге қаржы жұмсалған.

18215_tn

Айдын Темешов, Алматы қалалық Табиғи ресурстарды қадағалау басқармасының жетекшісі:

-Бұл орындар бұрын қоқыс тастайтын күресін (свалка) болып келген. Маңайындағы тұрғындардың үйлерінен шығатын қоқыс қалдықтары тау болып үйіліп жататын. Бетондары үгітіліп, көпірлері құлап жатқан. Енді тап-таза, жазда балалар шомылып, серуендеп, демалатын орынға айналды. Айналасы тазартылып қана қоймай, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жағажайларда демалуға арналған барлық қолайлылықтар қарастырылған. Тұрғындардың қорқуына еш себеп жоқ. ҮАК-ға таза таудың, Бартоғай су қоймасының суы құйылады. Каналдың тереңдігі 2 метр. Жағажай аумағы тәулік бойы күзетіледі. Әр жағажайда су-құтқару қызметшілері бар. Ішімдік және өзге де тауарлар сатылмайды. Арнайы дүңгіршектерде сусын т.б. тауарлар ғана сатуға рұқсат етілген. Ал шомылушылар үшін баллондар тегін беріледі.

«Пархач» жағажайы Рысқұлов пен Волочаевский, «Бауман тоғаны»  Сүйінбай мен Сейфуллин, «Гүлдер» жағажайы Жансүгіров пен Омаров көшелерінің қиылысы маңында орналасқан.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Қатысты Мақалалар