Шавкат Мирзияев премьер-министр Абдулла Ариповке және президент әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновке Ферғана, Хорезм және Қашқадария облыстарының әкімдерін қызметтен алу мәселесін қарауды тапсырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
2-тамызда өткен жиналыста президент Шавкат Мирзияев аймақ басшыларының жүргізіп отырған саясатын сынады.
"Мен Арипов пен Низомиддиновке әкімдерді қызметтен алуға қатысты ұсыныс жасауын сұраймын. Мұндай саясатпен ұзаққа бармаймыз. Күштеу саясатының пайдасы болса, отыз жылда өркендеп кетер едік", – деді Шавкат Мирзияев.
Бұның алдында Өзбекстанның бірқатар аймақтарында тұрғындар үйлердің заңсыз сүрілуіне қарсы наразылық акциясын өткізген.
Пікір қалдыру