Гонконгте экстрадиция туралы заңға енгізілген өзгеріске қарсылық білдіргендер орталық көшені тағы да жауып тастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметі бойынша, толқуға жиналғандар ешқандай заң бұзыушылық әрекеттерге барған жоқ. Осы себепті құқық қорғау органының қызметкерлері қалың топты тарқату жұмыстарын жүргізіп отырған жоқ.
Сондай-ақ, баскөтерудің бір легі Чек Лап Кок әуежайының маңында да өтуде.
Еске сала кетейік, дәл осындай ауқымды митинг 3-тамыз күні 120 мың адам бас көтеріп, полиция қызметкерлерін таспен тоқпақтаған-ды. Шенділер жауап ретінде қалың топқа көз жасаурататын газ қолданған.
Пікір қалдыру