Атырау ветеринарлары мал базарларындағы малды сою ережелері сақталуын тексерді

/image/2019/08/11/crop-8_201_711x1264_koy3.jpeg

Құрбан-Айт мерекесінде қаладағы əр мал базарларында екі мал дəрігерлері кезекшілік ететін болады, деп хабарлайды Атырау қаласы əкімдігінің баспасөз хатшысы.

Атырау тұрғындары қасиетті мереке Құрбан-Айтқа дайындық үстінде. Ол 11, 12 және 13 тамыз күндері аталып өтеді.

Бұл күндері қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін төрт мал сою пункті жұмыс істейді: Северная Промзона көшесі, 49-дағы «Асыл-Агро» базары, Северная Промзона 12 көшесіндегі "Умарова" ЖК сою алаңы;Тума базары Ескі әуежай 1; сонымен қатар, Северная Промзона 129 көшесіндегі "Адал" базары.

-Бүгінде Атырау мал базарларына малдарды негізінен облыстың Құрманғазы, Индер және Қызылқоға аудандарынан, сондай-ақ БҚО әкелінуде. Ветеринарлар ең алдымен ветеринарлық анықтамаларын, уақтылы егу жұмыстарын, сондай-ақ, құлақтарында сырғаның болуын тексереді. Қойылған талаптарға сəйкес келмесе кіргізілмейді, дейді қалалық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі Асылбек Абулғазиев.

Мәселен, «Асыл Агро» мал базарында, Құрбан айт мерекесінде 50 мал союшы жұмыс істейді, олардың 40-ы қой сойса, тағы 10-ы ірі қара малын соятын болады.

Мұнда жыл сайын 5 мыңға жуық қой әкелінеді. Олардың жартысы базарға құрбандыққа шалынады, қалғанын тұрғындар үйлерінде малды сою үшін алып кетеді, дейді «Асыл Агро» шаруа қожалығының базар әкімшісіӘбу Құлбасов.

Айта кетейік, Атырауда биологиялық мал қалдықтарын жою мақсатында мал зираты салынуда. Нысанды пайдалануға беру ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар