Бүгін осы мамандықтың 10 өкілі өңір басшысының атынан алғыс хаттармен марапатталды деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс әкімдігінде Құрылысшылар күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде әкімнің орынбасары әрбір маманның мұнайлы астананы дамытып, жаңғыртуға қосқан үлесін атап өтті.
- Құрметті құрылысшылар, осы жасампаз мамандықтың әрбір өкілін құттықтаймын. Облыстың инфрақұрылымын дамытудағы сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Сіздердің арқаңызда облыста 1000 астам нысан салынды. Өңір басшысының атынан сіздерге алғыс айтамын және сіздерге табыс пен бақ-берекет тілеймін,- деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Н.Таубаев.
Пікір қалдыру