"Маңызды заң жобалары бойынша Үкімет пен Nur Otan партиясы арасында алдын ала келісім механизмін енгізу ұсынылуда. Бұл заң шығару ісінің сапасын жақсартып, аталған мәселеде үкімет, парламент, партия арасындағы байланысты нығайтады" – дейді үкімет басшысы
А.Мамин Елбасы тапсырғандай партия халыққа етене жақын болуы тиіс екенін айтты.
"Министрлер кабинетінің мүшелері мен партиямен өңірлерге бірлесіп сапар жасайтын болады. Оның барысында тұрғындармен кездесіп, азаматтардың талап-тілегін сол жерде қарастырамыз. Үкімет маңызды бағыттар бойынша бағдарламалық құжаттар әзірлеуде партия мүшелерінің сарапшылық әлеуетін кеңінен қолдануы керек, – деп атап өтті премьер-министр.
Total.kz.
Пікір қалдыру