Қазақстанның бұрынғы президенті, елдегі билік партиясы саналатын "Nur Otan"-ның төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан парияның саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жемқорлықпен күресу жодарын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Назарбаевтың айтуынша, билік жемқорлықпен күреске халықты тартпаған.
"Сыбайлас жемқорлықпен күресті барынша күшейтіп, партиямыздың қатарын "тазарту" керек. Бұл туралы көп айтып келеміз. Сайланған президент те жақында осы мәселе туралы айтып кеткен болатын. Әлбетте, біз де, агенттік те жұмыс істеп жатыр. Алайда біз бұл күреске халықты тартқан жоқпыз. Сингапурда тәртіп бар: егер мен өз әріптестеріммен бір кабинетте жұмыс істесем, біреу жемқорлыққа барғалы жатса, ол туралы мен айтпасам – сол үшін мені жазалайды. Бізде тіпті ондай психология да жоқ. Егер біз бәрін өзімізден бастамасақ, бұл дертті жеңе алмаймыз. Иә, ІІМ, ҰҚК, агенттік жұмыс жүргізіп жатыр. Ал бізде керісінше, заң бұзушыларды қорғау қалыптасып қалған", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Пікір қалдыру