Осыған орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі Дінмұхамед Қонаевтың көзі тірісінде айтып, жазып кеткен қанатты сөздерін ұсынады.
– Хан келеді, кетеді. Халық қалады, халық қалса – тақ қалады.
– Абыройдан ақ отау тіктім деген кісінің пенделігі аз болмайды.
– Әрине, істің орайы келе бермейді, Әйтпесе алдыңа келген адам өтінішін аяқ асты етпегенге не жетсін?!.
– Жалпы адам жанына ізгілік нәрін сепкен ұстаздан үлкен кім бар!
– Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.
– Орынды сын ойлантпай қоймайды.
– Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.
– Жалада шындық болмайды.
– Адам айнасы – адам.
– Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.
– Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.
– Ақиқаттан аттап кету – арға сын.
– Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.
– Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.
– Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.
– Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.
– Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын.
– Сенім – құдіретті күш: тауды да қозғайды.
Пікір қалдыру