Еліміздің дін саласындағы тарихи маңызы бар меморандумға қол қойылды. Астана қаласында ҚР Дін істері комитеті, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және "Асыл арна" телестудиясы арасында ынтымақтастық жөнінде үш жақты меморандумға қол қойылды. Аталмыш тарихи құжаттықа Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, "Асыл арна" телестудиясының директоры Мұхамеджан Тазабеков ҚМДБ-ның мәжіліс залында қол қойды.Меморандум ата дініміздің асыл құндылықтарын кеңінен насихаттау, халыққа дұрыс діни ақпарат беру, зайырлы қоғам мен дәстүрлі діни құндылықтар сабақтастығын арттыру мақсатында жасалып отыр. Естеріңізге сала кетейік, оған дейін діни саладағы ынтымақтастық меморандуына ҚМДБ мен бұрынғы дін саласындағы құзіретті орган ҚР Дін істері агенттігі арасында жасалған болатын. Осы жолы меморандумға "Асыл арна" телестудиясы қатысып отыр.
Оразбек САПАРХАН