Назарбаевтың кубогы үшін өткен бәйгеде Назарбаевтың аты бірінші келді

/image/2019/08/31/crop-97_253_3023x5375_dsc_0972.jpg

Бүгін, 31 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданы "Көкбастау" ипподромында Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кубогы үшін ҚР Конституция күніне арналған ұлттық ат спорты түрлерінен халықаралық жарыс өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы облысы әкімдігің ұйымдастыруымен өткен жарыста ат спортының үздіктері  бәйгенің бірнеше түрінен және "Қыз қуу", "Аударыспақ", "Теңге ілу", "Жамбы ату" сияқты қазақтың ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті. Аталған жарысқа Қазақстанның әр аймағынан және Қырғызстан Республикасынан әйгілі атбегілер мен белгілі шабандоздар қатысты. 

Бәйгенің ең танымалы саналатын "Аламан бәйгеде" Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Әлнұр Назарбаевтың "Үшқоңыр" атты тұлпары бірінші келіп, бас жүлдеге тігілген шетелдік автокөлікті иеленді. Сонымен қатар Әлнұр Назарбаев "Қарлығаш" атты тұлпарымен "Құнан бәйгеде" де бірніші орынды алды. 

Қазақстанның алғашқы президенті Назарбаевтың жүлдесі үшін ат спорты түрлерінен халықаралық жарыс осымен 21 мәрте өтті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар