Президент "қысқарту" науқанын бастады

/image/2019/09/02/crop-56_61_397x706_190902114333011a3561576i.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компаниялардың, олардың қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілердің санын қысқарту керектігін мәлім етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Мемлекеттік компаниялар конгламераттарға айналып шыға келді. Мұны түсіну керек. Халықаралық бәсекеге қабілетке бұл айтарлықтай күмән туғызып отыр. Мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту үшін мен квазимемлекеттік компанияларды құруға мораторий жарияладым. Біз соңғы 14 жылда ұлттық әл-ауқат қорының халықтың жағдайын көтеруде қаншалықты пайдасы болғанын ұғынуымыз керек. Үкімет Есеп комитетімен бірге үш айдың ішінде талдау жүргізіп, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігін зерттеуі керек", – деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.

Сондай-ақ Жолдауда 2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың жұмысшылары саны 25 пайызға қысқаратыны айтылды.

"Мемлекеттік қызметкерлердің сапасын арттыру үшін  олардың қатарына жас даярланған мамандарды тарту қажет. 2020 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер санын біртіндеп қысқартуға көшеміз.  Одан босаған қаржыны  пайдалы қызметкерлерді материалдық тұрғыда ынталандыруға бағыттаймыз. 2024 мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың жұмысшылар санын 25 пайызға, яғни төрттен біріне қысқарту керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар