Тоқаев: Митинг өткізушілерге қаланың ішінен арнайы жер беру қажет

/image/2019/09/02/crop-36_6_282x376_miting.jpeg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында митинг және наразылық акцияларын өткізетіндерге қатысты өзінің пікірін айтты.

–Егер бейбіт митингтер заңды бұзбай және азаматтардың мазасын алмайтын болса, онда алаңға шығып өз ойларын айтуларына рұқсат беру керек. Митинг өткізушілерге арнайы жер беру қажет. Бірақ ондай орынды қаланың ішінен беруге тиістісіздер. Алайда, конституцияға сай емес әрекеттерге, бұзақылық акцияларына қатысты кез келген шақырулар заң аясында тоқтатылады», - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған алғашқы  Жолдауында.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар