Қазақстанда 2020 жылдан бастап мұғалімдер жалақысы 25 пайызға өседі. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 2 қыркүйекте Қазақстан халқына арналған жолдауында айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз", - деді Тоқаев.
Пікір қалдыру