Бүгін, 2 қыркүйекте сенат отырысында Дариға Назарбаева сенат төрағасы болып сайланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның кандидатурасын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған. Сенат төрағасын сайлау жөніндегі арнайы комиссия құрылып, дауыс беру рәсімі өтті. Жасырын дауыс беру нәтижесінде жиынға қатысқан 48 сенаттың 47-сі Дариға Назарбаеваның кандидатурасын қолдап дауыс берді.
Дариға Назарбаева - Қазақстанды 30 жылға жуық үздіксіз билеген Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы.
Пікір қалдыру