Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болған Ермұхамет Ертісбаев Мұхтар Жәкішевтің не себепті түрмеде отырғанын айтып берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ол "Политон" клубының ұйымдастыруымен өткен "Назарбаев Қазақстан үшін кім" тақырыбындағы Мұхтар Әблязовпен (Қазақстанда тиым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысының жетекшісі) дебаты барысында айтты.
"Мен Жәкішевті ешқашан саяси тұтқын деп санаған емеспін. Өйткені оның саясатпен айналысқаны есімде жоқ. Ол Әблязовтың үшін түрмеде отыр. Неге? Себебі, Әблязов Мұхтар Жәкішевті 400 млн. долларлық күмәнді келісімге қол қоюға келістірген. Қазір сот сол ақашаның 250 млн. доллорын қайтаруды талап етіп отыр. Әблязов сот сұрап отырған қаражатты өзі төлеп берсе де болатын еді. Себебі, Жәкішев - Әблязовтың ең жақын досы. Әблязовтың БТА банк арқылы ірі көлемді қаражатты шетелге алып кеткенін бәрі біледі. Жәкішев үшін сот сұрап отырған қаражат төленсе, қазір Жәкішев бостандықта болар еді", - деді Ермұханбет Ертісбаев.
Пікір қалдыру