Мегаполисті дамытудың жаңа саясаты басталды

/image/2019/09/23/19-09-19-k196.jpg
Б. Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019-да сөйлеген сөзінде Алматыда бірқатар өзекті мәселелерді жүзеге асыру қажет екенін хабарлады, деп жазады almaty.gov.kz сайты.

Алматы еліміздің көш бастаушысы ретінде жылына 5% экономикалық өсім беруі тиіс. Өткен жылы ІШӨ физикалық көлемінің индексі небәрі 2,8% өсті – бұл халық өсімінің қарқынынан төмен (2,9%).

Маңызды міндет – еңбекпен қамту құрылымында қайшылықтарды жою, білім, денсаулық сақтау, кәсіби және ғылыми-техникалық іс-қимыл, ақпараттық технология енетін әлеуметтік экономика үлесін арттыру.

«Халықтың табысының өсуі тұру және көшу шығындарынан артық болуы тиіс. Үлкен қала шығындарды азайтудың ауқымды ықпалын ұсына алады. Мұның мәні белсенділік пен ынтымақтастық», – деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Ол қала экономикасын өсірудің перспективалы «нүктелерін» атады. Олар: логистика, құрылыс, қаржы мен сақтандыру, смарт индустрия, сән индустриясы, өнер, көңіл көтеру және демалу, туристік индустрия және жылжымайтын мүлік операциялары.

Алматыда технологияда, денсаулық сақтауда, халықаралық бизнесте, менеджментте, табиғи экожүйелерді басқаруда, өзге де қалаға қажет салаларда кәсіпкерлер, мамандар үшін үздік Орта Азиялық әлеуметтік лифт болуы тиіс.

«Яғни, Алматыда «Алматылық арман» («америкалық арманға» ұқсас) орындалуы тиіс. Алматыда адами капитал өз ісінің білгірлері арқылы дамып, әр өңірден дарындарды тартып, қала тұрғындары арасында бәсекеге қабілеттілікті арттыру қажет. Сонда ғана инвестициялар, компетенциялар мен инфрақұрылым біздің қаламызды дамытудың шынайы векторына айналады», –  деді Б. Сағынтаев.

Алматылықтардың өмір деңгейінің сапасын арттыру үшін кешенді мәселелерді шешу қажет. Олар – экология және қоғамдық қауіпсіздік, сапалы білімнің қолжетімділігі, денсаулық сақтау, әлеуметтік сервис, ауқымды тұрғын үй құрылысы, қаланың инфрақұрылым базасын модернизациялау, абаттандыру мен жасылдандыру.

«Ең соңғысы, Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуында «Орталық – шет» желісінде базалық айырмашылықты жою», – деді Б. Сағынтаев.

Әлеуметтік жағдайда «екі Алматы» қалыптасуда. Біріншісі – жетілген, жайлы және қолайлы орталық бөлік, екіншісі – артта қалған жетілмеген шет аймақ.

«Менің позициям мынадай: мегаполистің барлық аудандарында тұрғылықты жерлеріне қарамастан, алматылықтардың өмір сүруі үшін жоғары стандартты қамтамасыз ету. Мен қаламыздың «Шетсіз қала» болуын жақтаймын. Заманауи қалалар орталықтандырылған, әр ауданның өз тартымдылығы және өсу драйвері болады. Ірі мега-қалаларда кері процесстер жүреді, яғни адамдар қала маңына қоныстана бастайды. Өйткені оларда өмір сүру деңгейі жоғары. Демек, қала инфрақұрылымын дамытуда аймақтық пен жергілікті орталықтардың дамуы ескерілуі тиіс», – деді Б. Сағынтаев.

Б. Сағынтаев «Шетсіз қала» қағидасы бойынша мегаполисті дамытудың жаңа саясаты басталғанын хабарлады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар