"Томирис" фильміне 2 млрд 259 млн теңге жұмсалды

/image/2019/09/26/crop-6_12_729x972_1555500219_news_b.jpg

  Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев фильм бюджетіне "Томирис"  2 млрд 259 млн теңге жұмсалғанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі informburo.kz ақпаратына сүйеніп.

 "Қазақфильм" киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен "Саифильм" киностудиясымен түсірген, бас продюсері – Әлия Назарбаева.

 Фильмге еліміздің танымал киножұлдыздары Димаш Ахимов, Ерік Жолжақсынов, Байкенже Белбаев, Берік Айтжанов, Еркебұлан Дайыров, Мұрат Бисембин, Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Айжан Лайджи, Аян Өтепберген, Асылхан Төлепов, Асхат Үрпековтер түскен.

  Фильм төрт үлкен локация – Шүнжа, Қапшағай және Алматы, Көкшетау жерлерінде түсірілген. Түсірілім барысының ұзақтығы 93 күнге созылып, бір уақытта 800-ге жуық адам жұмыс істеген. 

 Басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын:  "Мен образға енерде қиыншылықтар кездесті. Өйткені менің болмысыма жат дөрекі іс-қимылдарды, төбелес, атпен жүруді меңгеруім керек болды", – дейді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар