Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың ұсталғаны туралы мәліметті растады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz ақпаратына сүйеніп.
"Мәнізоров мырза, Алматы облысы әкімінің орынбасары, шынында ұсталды. Біз осыны растаймыз. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның іс-әрекеттерін нақты саралау үшін оған қылмыстық кодекстің қандай бабы бойынша айып тағылатыны және оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны қарастырылып жатыр", - деді Бектенов Сенатта журналистердің сұрағына жауап беріп. Оның айтуынша, басқа мәліметтер жарияланбайды екен.
Пікір қалдыру