Мемлекет басшысының жарлығымен елшілер арасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

/image/2019/10/01/crop-5_2_528x704_akorda-1.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елшілер арасында кадрлық ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда сайтының дерегіне сүйене отырып.

Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Сатыбалды Ересұлы Бұршақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Раушан Кәкімсейітқызы Есболатова Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар