Берік Әбдіғалиұлы Қарағанды облысы Ұлытау Ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Берік Әбдіғалиұлы – 1971 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған.
1988 жылы Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №45 мектепті бітірген.
1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен «тарих» мамандығы бойынша жоғары білімін аяқтаған.
1994-1995 – ҚР президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер (ҚСЗИ), 1995-1997 – ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары.
1997 жылы ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінде БАҚ басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды.
1997-1998 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау және жоспарлау басқармасының бастығы.
1998-1999 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаментінің директоры орынбасары.
1999 жылдан 2000 жылға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің талдау орталығының меңгерушісі орынбасары.
2000-2001 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының бірінші орынбасары.
2001-2002 жылдары – Теміртау қаласы әкімінің орынбасары (Қарағанды облысы).
2002-2003 жылдары – "Ұлттық зерттеулер институты" ҰУ директоры.
2003-2004 жылдары – "Ақ жол" ҚДП сайлауалды штабының жетекшісі.
2004 жылдан 2005 жылға дейін – "Саяси білім беру қоры" ҚҚ президенті.
2005 жылдан 2006 жылға дейін – "Атамекен" кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің жалпыұлттық Одағындағы кеңесші.
2006 жылы – Украина, Киев облысы, Вышгород қаласы мэрінің кеңесшісі.
2006 жылдан 2007 жылға дейін – "Атамекен" ұлттық даму орталығы " ЖШС директоры.
2007 жылдан – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы.
2008 жылдың наурызынан – ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2008-2010 жж. – «Мемлекеттік тілдің дамуы бойынша Президент қоры» қоғамдық қорының директоры.
2010 жылы – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының әкімі.
2010 жылдан 2012 жылға дейін – Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы әкімі.
2012 жылы – ҚР Бірінші Вице-премьерінің кеңесшісі.
2012 жылдан 2013 жылға дейін – Қостанай облысы, Арқалық қаласы әкімі.
2013 жылы – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2016-2017 жылдары – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының кеңесшісі, бас ғылыми қызметкер.
2016 жылдан бастап ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи мұражайының бас ғылыми қызметкері,
2017 жылдың мамыр айынан 2019 жылдың мамыр айына дейін – ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.
2019 жылдан қаңтардан бастап – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық архив және Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығы жанындағы «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығы жетекшісі
Пікір қалдыру