Шерхан Мұртаза тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды

/image/2019/10/06/crop-24_15_485x863_05-10-19-sher1.jpg

5 қазан күні Алматыда қазақтың біртуар жазушысы, қабырғалы қаламгер Шерхан Мұртаза тұрған үйде ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты шараға қатысқан Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жазушының бай әрі өміршең шығармашылық мұрасы кеңінен ашылып, тереңірек зерттелуі керектігін тілге тиек етті.

«Халқымыздың сүйікті перзенттерінің есімдері мәңгі сақталып, ұлықталуы үшін барлығын жасаймыз», – деді әкім.

Сонымен қатар айтулы шараға сенатор Нұртөре Жүсіп, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, қоғам қайраткерлері қатысты.

Сондай-ақ бұл күні Шерхан Мұртазаның өмірден озғанына бір жыл толуына байланысты ас берілді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар