Германиялық инвестор Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндірісіне 9 млн доллар қаржы құймақ, деп жазады LSсайты.
Кәсіпорында CLAAS компаниясының тракторлары мен комбайндары құрастырылмақ. Бүгінде өндірістік келісімшарт жобасына сараптама жасалып жатыр.
"Келісімдер сәтті жүзеге асса, 9 млн доллар немесе 3,4 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылмақ. Кәсіпорын толық қуатына қосылғанда жылына 300 бірлік техника құрастырады" деп атап өтті жергілікті әкімдіктегілер. Өндіріс орнында 80 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Ескерте кетелік, CLAAS неміс машина жасауы компаниясы 1913 жылдан бері ауыл шаруашылығы техникаларын өндіріп келеді. Компанияның Еуропа, Азия және Америкада 14 зауыты бар. Онда 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Пікір қалдыру