Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлескен.
– Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Ресей халқының игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, достық пен тату көршіліктің берік қарым-қатынасына құрылған Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.
Екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. Оның ішінде, биылғы 6-7 қараша күндері Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады, – делінген Ақорданың хабарламасында.
Пікір қалдыру