Тырнақ бояуы қатерлі дертке шалдықтырады

/image/2019/10/07/tyrnaq-boyauy.jpg

Тырнақ бояулары қатерлі ісік ауруының қаупін арттырады. Бұл туралы Зелинский атындағы органикалық химия институтының ғылыми-зерттеу инженері Ольга Мулин баспасөз мәслихатында баяндады.

Маманның мәлімдемесінде тырнақ бояуының тез қалыңдатылуына жол бермеу үшін оған қатерлі ісік тудыруы мүмкін формальдегид қосылатындығы ашық айтылды. Сондай-ақ бояу құрамында дибутилфталат бар. Яғни ол лакты тегістейді және олар эндокриндік жүйеге теріс әсер етуі мүмкін. Осы екі қауіпті заттардың әсер етуі бірнеше жылдан кейін ғана ағзада пайда болуы мүмкін. Олардан бауыр мен өкпе көп зардап шегеді, -дейді токсиколог Евгения Ковалева.

Сарапшылар жарамдылық мерзімі біткен лакты мүлдем қолдануға болмайтынын айтты. Себебі, уақыт өте келе өнімдерде жаңа улы заттар пайда болады.

Ал Сарапшылар күнделікті "3-FREE" немесе "5-FREE" деген сөздер жазылған лак таңдауға кеңес береді. Аталмыш бояуда үш-бес қауіпті қосылыстың жоқтығын көрсетеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар