Чемпиондық жекпе-жектен кейін Головкинге рингке шығуға тыйым салынды

/image/2019/10/08/crop-36_-1_236x419_500_5d9beff62a22f.jpg
5 қазан күні  Нью-Йоркте Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) әділқазылардың бірауыздан қабылданған шешімі бойынша украиналық Сергей Деревянченконы (13-2, 10 КО) ұтып,  орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған болатын.

BoxRec.com сайтының жазуынша, кездесуден кейін Нью-Йорк штатының Атлетикалық комиссиясы белгісіз мерзімге Головкиннің  рингке шығуына тыйым салған. Бұндай шеттету спортшының ем-дом қабылдап, денсаулығын түзеп алуы үшін жасалады. Головкиннің со-промоутерінің айтуынша, қазақстандық боксшы кездесу кезінде қолын жарақаттап алған.
 
Аталмыш шара Деревянченкоға қатысты да қолданылды.
 
Оқи отырыңыз:
 
 
 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар