Қаланың барлық мектептерінде экосағат барысында «Адам және табиғат» танымдық-дамыту сабағы өтті. Осы шара қарсаңында «Жер – біздің ортақ үйіміз» тақырыбында суреттер мен плакаттар конкурсы өткен еді, бүгін оның жеңімпаздары марапатталды.
«Экологиялық сағаттың мақсаты балалар мен жасөспірімдердің назарын экологиялық тепе-теңдікті сақтау проблемаларына аудару, табиғатты аялай білуге және табиғи ресурстарға деген оң көзқарасты қалыптастыруға тәрбиелеу», – деп атап өтті № 105 мектепте болған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.
Бұл күні қаланың барлық мектептерінде экологиялық сабақтар өтті, оларға танымал спортшылар, мәдениет пен өнер қайраткерлері қатысты.
Пікір қалдыру