Мәжілісте үш жылдық бюджетке өзгеріс енгізіліп, көпбалалы аналарды қолдау, медицина, ауыл шаруашылығы сияқты салаларға 95 миллиард теңген бөлінді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет мүшелерінің атқарып жатқан жұмыстары депутаттардың сынына ұшырады. Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы: - Бағдарлама емес, концепция жасайтын бір топ шықпаса, онда осынша қызметкер несіне керек? Не үшін ұстаймыз оларды? Барлық мемлекеттік органдар осындай. Ондай болса, жобалық кеңсе жасайық. Бір ғана мәселе бар. Біз осы мемлекеттік жұмыста жүргеннен кейін, халық қолымызға осындай мемлекеттік бюджетті бергеннен кейін мемлекет қаржысы тиімді жұмсалу керек.
Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев бөлінген қаражаттың жартысы қалай жұмысалып жатқаны жөнінде ақпар бергенімен, Мәжіліс төреағасы :
- Сіздің жауаптарыңыздан, Мағзұм Маратұлы, мынадай әсер алуға болады – жалпылама сөздер: күш саламыз, кеңейтеміз, қатайтамыз. Бәрі түсінікті. - деп көңіл толмаушылық танытты.
Нұрлан Нығматулин тарапынан қатты сөгіс естіген Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов Мәдениет министрлігінен Қағаз жазуға 100 млн теңге сұраған болып шықты. Министрлік мәдени мұраларды бірыңғай базаға жинай алмай жүр. Өйткені министрлік құрамындағы 300 қызметкер тұжырымдама жаза алмайды екен.
Пікір қалдыру