Атырауда қалың тұманнан жол апаты орын алды

/image/2019/10/24/crop-4_15_557x857_atyraudaghy-dgol-apat-tuman.jpg

Атырауда қалың тұманнан жол апаты орын алып, 27 жастағы жүкті әйел көз жұмды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырау-Дамба тас жолында "LADA Samara" мен "Нива" автокөліктері бетпе-бет соқтығысуынан жол апаты орын алды. Көлік апаты оқиғасынан 27 жастағы жүкті келіншек оқиға орнында көз жұмып, төрт адам түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлімі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда кісі өліміне әкелген жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда екеуінің жағдайы тұрақты, амбулаториялық ем қабылдауға жіберілген. Ал қалған екеуінің біреуі жансақтау бөлімінде, екіншісі нейротравматология бөліміне ауыстырылған. Қазіргі таңда аталмыш оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар