31 қазан күні Димаш Құдайберген Бірінші арнадағы «Вечерний Ургант» бағдарламасына қатысты.
Димаш Құдайбергеновпен қатар Ресейдің халық әртісі, музыкант және продюсер Игорь Крутой, мәнерлеп сырғанаудан олимпиада чемпионы Аделин Сотникова бағдарламаның қонағы болды.
Димаш жүргізушіге қазақтың шапанын сыйға тартты, Ургант «бұндай енді тек менде және Николас Кейджда бар» деп әзілдеді.
Жүргізуші Димаштан Джеки Чанмен таныстығы жайлы және расыменде ол өзі хабарласып кездесу белгілегені туралы сұрап білді.
Димаш Құдайберген: «Джеки Чан әлемдегі ең танымал адам екеніне қарамастан өте қарапайым және сыпайы.», - деді өз сөзінде.
10 желтоқсан күні Димаш Құдайберген Нью-Йоркте жеке шығармашылық кешін өткізеді. Әншінің ұйымдастыратын шоу бағдарламасы бір уақытта 19 мың көрерменді сыйдыра алатын Barclays Center-де болады деп жоспарлануда.
Пікір қалдыру