Мәншүк Мәметованың ағаш мүсінін жасаған ерлі-зайыпты қала тұрғындарынан кешірім сұрады

/image/2019/11/05/crop-60_4_425x567_6151ebcdd135210c.jpg

Семейде Мәншүк Мәметованың бейнесін жасаған ағаш мүсіннің төңірегінде даулы пікір туындады. Қала тұрғындары мүсіндегі Мәншүк Мәметова емес, «Мыстан кемпірге»  немесе «мұртты қызға» көбірек ұқсайды деп наразылық білдірді. 

Аталмыш мүсінді Алтайдан келген Иван Куртуков және оның әйелі Юлия жасаған болып шықты. Жергілікті билік өкілдері оларды Семейге түрлі бейнелерді жасауға арнайы шақырған екен. Қос шебер жаз айынан бастап қаланың әртүрлі жерлерінде ағаштан жануар, домбыра, кітап сынды түрлі бейнелерді жасауды қолға алғаны жөнінде айтты.

Қала тұрғындарының әлеуметтік желідегі наразылығынан кейін, ағаш мүсіннің авторы әлеуметтік желіде төмендегідей пікірін жариялап, тұрғындардан кешірім сұрады. 

«Біз күйеуіміз екеуіміз Семей қаласына жергілікті әкімдіктің арнайы шақыртуымен келдік. Бастапқыда Абая алаңындағы жұмыстарымызға халықтың көңілі толғандықтан, бізге көбірек ұсыныс түсе бастады.  Ал ағаш мүсіннің үлгісін жұмыс барысында жасаған болатынбыз. Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірін ескере отырып, біз жұмысымызды алып тастадық. Бұл үшін өкінбейміз. Реніш білдіріп жатқан тұрғындардан кешірім сұраймыз. Біз жұмыстарымызды өзімізбен алып кетуді жөн көрдік. » -  деп жазды Юлия Куртукова.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар