Тоқаев: Көзбояушылықты қою керек!

/image/2019/11/14/crop-0_3_715x1278_toqaev.jpg

Мемлекет басшысы жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарламаны даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескеруді тапсырды, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Біз бос әуреленіп, көзбояушылықпен айналыспауымыз керек. Жаңа мемлекеттік индустриалды-инновациялық бағдарлама даярлау кезінде алдыңғы бағдарламалардың қателігін ескерген абзал. Жеңістеріміз жайлы есептің қажеті жоқ. Шынайы талдау мен тиімді әрекеттер керек", – деп Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент мәлімдеме жасады.

Одан өзге Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен парламент депутаттарының, облыс әкімдерінің міндеті – Елбасының ұзақ мерзімді Стратегиясы, Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформаны толыққанды жүзеге асыру екенін еске салды.

"Тек сонда ғана тегеуріндер мен қиындықтарды еңсере аламыз",  – дейді ол

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар