– Облыстағы жайылымдық жердің көлемі шамамен 4,5 миллион гектар, соның 88%-і пайдаланылып отыр. Ауылдық елді-мекендерде тұрғындар мал жаятын жер таппай қиналуда. Үкімет берілген жерлерді бақылауға алып, жеке азаматтар мал жаюға мүмкіндік алу үшін қажетті нормативті ұстануы керек, – деді президент.
Жиын барысында мемлекет басшысы өңірдегі елеулі өзгерістерге тоқталды.
– Екі жыл ішінде «Нұрлы жер» бағдарламасымен 900 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. 8 мыңнан астам отбасының тұрғын үй мәселесі шешілді, – деді Қ. Тоқаев.
Пікір қалдыру