Премьер-Министр Асқар Мамин ұлттық экономика, сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарларын, сондай-ақ бірнеше облыс әкімдерінің орынбасарларын әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны негізсіз өсіргені үшін жауапқа тартуды тапсырды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Мүдделі мемлекеттік органдардың ішінен жұмыс тобын құру қажет. Бір апта ішінде қысқа және орта мерзімді шаралар пакетін жасаңыз. Үш күннің ішінде Премьер-Министрдің Кеңсесі менің атымнан ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция вице-министрлерін жазалау туралы идеяны әкеледі. Сондай-ақ, Ақтөбе, Петропавл, Көкшетау, Тараз және Жамбыл облыстарында әкімдердің орынбасарларын белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тарту қажет", деді Асқар Мамин.
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті бағаның өсуі Атырау, Павлодар және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда байқалады.
"Мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан жұмыс тобын құрып, бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қысқа мерзімге және орта мерзімге арналған нақты шаралар әзірленсін. Роман Васильевич, жұмысты басқаруды сізге тапсырамын" деді премьер-министр.
Ал Түркістан, Алматы, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе және Таразда 19 тауардың бесеуінің бағасы өскен.
"Бұл әкімдіктер, ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика, сауда және интеграция министрліктерінің жеткілікті жұмыс жүргізбей отырғанын көрсетеді", - деді Мамин.
Пікір қалдыру