Заманбек Нұрқаділовтің Тоқаев туралы айтқан шындығы

/image/2019/12/23/crop-0_0_533x948_zamanbek.jpg

Енді сол лепті лепесті оқып көріңіз: «Тоқаев және әзірге жас Ахметовтан басқалары белгілі бір деңгейде барлығына тонауға мүмкіндік бердіңіз» дейді хатта. Осыдан он неше жыл бұрынғы сөз болса да дәл бүгін ондықта тұр. Яғни, Заманбек марқұм Қалабайұлы атаған «тонамаған» екеудің бірі – Серік Ахметов тағдыры әмбеге тағы аян. Ал Тоқаев – тақта. Президент бүгін.

Бақсаңыз, екеуінен басқаларының "барлығына тонауға мүмкіндік бердіңіз" деп тұр. Өзі де осы шындықтан соң опат болған Заманбек. Мүмкін, сол абзацты толығымен таусап көрсеңіз, «тоққа» түсірер ме еді сізді. Оны да оқып көріңіз. Қаз қалпында:

«Иә біздің негізгі заңымыз – Конституция – жетілдіруді қажет етеді. 12 жыл жас мемлекетті құру жолында 7 үкімет ауысты. Тоқаев және әзірге жас Ахметовтан басқалары белгілі бір деңгейде барлығына тонауға мүмкіндік бердіңіз. Кейін олар сізбен теңескісі келген кезде, (моральдық заңды құртқан Қажыгелдиннен басқасы) оларға Отанының, туған елінің есігін жауып тастадыңыз. Ешбір басқа елде экс-премьерді босатарда оның бюджетті шығындауы, қызметін жеке мақсатында пайдаланған-пайдаланбағанын тексеріп, дұрыс бағасын беруге тырыспадыңыз. Бұл өтірік пе?» (Асхат Шәріпжанов."Жұма-Таймс. ДАТ". 2005 ж.)

Міне, бұл Заманбек Нұрқаділовтың Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған ашық хатының қысқа тілкімі. Тілдей ғана. Дәл бүгінгі күннің "барометры" іспетті...

Тақырыпқа тұздық

Осы хат қайыра жарияланған «Фейсбук» желісінде тағы бір өтіріктің беті ашылды. Бұл туралы «ДАТ» медиа жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи айтты. Біз бұл шындықтан да аттап өте алмадық. Қысқаша мәтін төмендегідей:

«Заманбектің қазасынан 5 ай бұрын «DAT»-тың журналисі Асхат Шәріпжановті өлтіріп кетті. Полицияның ресми дерегі бойынша, «автомашина қағып кеткен»... Ал «DAT»-тың журналистері анықтағандай, Асхаттың төбесінен бейсбол битасымен ұрып, содан кейін шала-жансар жатқан жігітті жол үстіне тастап кеткен».

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар