Алматыда онкологтар бас қосты

/uploads/thumbnail/20170708190739466_small.jpg

Бүгін онкологтар мен маммологтардың ІІ республикалық  семинар-кеңесіне еліміздің түкпір-түкпірінен 330 делегат жиналды деп хабарлайды «Қамшы» порталы  Қазақ онкология және радиология ҒЗИ баспасөз орталығына  сілтеме жасай отырып. Жиынға 14 облыс пен Алматы, Астана қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, онкологиялық диспансер дәрігерлері қатысты. Форумда мамандар онкоқызметті жетілдіру жолдарын қарастырған болатын. Ал бұл жолғы аудандық онкологтар мен маммологтардың II республикалық семинарында отандық денсаулық саласының маңызды мәселелері талқыланды.

Семинарда онкологиялық қызмет пен амбулаторлық-емханалық ұйымдар қызметін біріктіру, онкологиялық, маммологиялық, ерлер және әйелдерді қарау бөлімдерінің жұмысын жандандыру, 65 және одан жоғары жастағылар арасында қатерлі ісікті ерте сатысында анықтау үшін скринингтік және обырдың алдын алу бағдарламаларын жүзеге асыру, онкологиялық қызмет саласына мониторинг және бағалау жүйесін енгізу, қатерлі дертке шалдыққан науқастарға медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету сынды негізгі 5 мәселе күн тәртібіне қойылды.

Қатысты Мақалалар