Берідібек Сапарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына дайындықты тексерді

/uploads/thumbnail/20170708190740328_small.jpg

Еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев  Жамбыл облысында өтетін Қазақ хандығының 550 жылдығының дайындығын пысықтап қайтты. Бұл туралы «Қамшы» порталы Кәрім Мәсімовтің ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.


Таразда вице-премьер «Қазақ хандығы» монументін орнататын жерге барып, ескерткіштің орналасуының сұлбасымен танысты. 

Одан кейін Б.Сапарбаев еліміздің басқа өңірлері салып жатқан немесе жөнеуден өткізіп жатқан нысандарды аралады. Атап айтқанда, кіру аркасын жөндеу және екі барельефті салу барысын тексерді. Жұмыстар Оңтүстік Қазақстан облысында жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ, ол Тәуке хан көшесіндегі (Павлодар облысы) және Жамбыл даңғылындағы (Ақтөбе облысы) көпірлерді жөндеу, тұңғыш Президент саябағы жанындағы (Атырау облысы), «Тараз» қонақ үйінің алдындағы (Маңғыстау облысы), автовокзал жанындағы (Солтүстік Қазақстан облысы) гүлзарларды абаттандыру барысымен танысты.

Сосын Б.Сапарбаев драма театры ғимаратындағы жөндеу жұмыстары, «Даңқ аллеясы» құрылысы, Қарахан баба мавзолейі жанындағы гүлзарды абаттандыру барысын қарап шықты (Қызылорда және Қостанай облыстары). 

«Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында ол археолоиялық және реставрация жұмыстары, музей, этноорталық, «Тараз саздары» стелласы құрылысы, «Мыңбұлақ» гүлзарын абаттандыру барысымен танысты (Батыс Қазақстан облысы және Алматы қаласы).

ТарМУ-де Б.Сапарбаев облыс әкімдерінің орынбасарларымен, аудан әкімдерімен, басқарма, аумақтық департамент, оқу орындары, кәсіпорындар мен бизнес құрылымдар басшыларымен Қазақ хандығының құрылуының 550-жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

«Мемлекет басшысы Қазақ хандығының мерейтойын мерекелеуге орталық, сондай-ақ өңірлік деңгейде уақытылы дайындалуды тапсырды. Аталған іс-шараны жастарды патриоттық тәрбиелеу және мемлекеттілікті нығайту рухымен өткізу маңызды», - деді Б.Сапарбаев.

Қатысты Мақалалар