Су соруға арналған техника жетпей жатыр

/uploads/thumbnail/20170708190737766_small.jpg

Алматыда мәслихат пен мәжіліс депутаттары, ІІД, ТЖД, "Нұр Отан" партиясының, кәсіпкерлер палатасы мен әкімдік өкілдері қаланың үш ауданындағы лайлы тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселелесін талқылады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы  Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасай отырып.

Шұғыл түрде бас қосқан жиналыста  көшелер мен үйлерді жылдам тазалап шығуға арнайы инвентарь, күрек, етік қажет, сонымен қатар, су соруға арналған техника жетпей жатыр. Мұнымен бірге, барынша жылдам жұмыс істеуге мыңдаған ерікті қажет екен. Тағы бір таңқаларлық жағдай, осы уақытқа дейін қанша үйлерге зардап келгені беймәлім. Жиналысқа қатысушылар қаншалықты техника жұмылдыру қажет екенін білу мақсатында статискикалық дерек беруді өтінген болатын. Алайда депутаттардың сұрағына "Нұр Отан" партиясының Наурызбай аудандық филиалының төрағасы Самат Тұяқбаев жауап бере  алмады. Шұғыл түрде қанша үйдің зардап шеккендігі туралы ақпаратты білетін боламыз деп уәде беріпті.

Қатысты Мақалалар