Прокурорлар қылмыс үстінде ұсталды

/image/2020/01/13/crop-80_-2_350x467_59301084_1177408442431990_4872294669624541184_o-610x350.jpg

ҰҚК Өскемен қаласында прокурорларды қылмыс үстінде ұстады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Екі прокурор кәсіпкерден 50 млн теңге алып жатқан кезінде ұсталды. 

"Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден 50 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты қорқытып алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Әлжаппар Құтанов пен ШҚО прокуратурасы қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Айдос Рамазанов қылмыс үстінде ұсталды", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ұсталғандарға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-т. ("Қорқытып алушылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар