Семей маңын су басуы мүмкін екені хабарланды

/image/2020/01/13/crop-70_160_990x1760_1522579138_article_b_1500_.jpeg

Ертіс өзенінің су деңейі көтеріліп келе жатқанының әсерінен Семей маңын су басуы мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Ертіс өзенінің бетінде мұздық тұтасып қату процесі байқалады. Ал ауа райының жылы болуына байланысты Семей қаласының маңында сең тұрып, өзендегі су деңгейі көтеріліп келеді. Су деңгейі мұнан ары көтеріле беретін болса, Восточный, Мирный және Полковник аралы елді мекендері аумағындағы тұрғын үйлерді су басу қаупі бар.

"Халықты қорғау шараларын жедел қабылдау мақсатында Семей қалалық ТЖБ «ІІМ ТЖК Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің өкілдерімен бірге өзен жағалауына тұрақты мониторинг жүргіп, тәулік бойы бақылау бекеттерін орнатты. Семей қалалық полция басқармасының жеке құрамы аудандарды шолғындап жүр. Бұған қоса, қызметкерлер халыққа су басу қаупі бар екендігі туралы ескертіп, су тасыған жағдайдағы бастапқы әрекеттер жайында нұсқаулық жүргізуде. Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының іс-әрекетін үйлестіру үшін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды" делінген коммитет хабарламасында. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар