Бағдат полициясы шерушілерді қою түтінге тұншықтырып, оларға көзден жас ағызатын газ шашты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Үкіметке қарсы минингілердің күшеюуіне байланысты, шерушілер Бағдаттың және оңтүстіктегі бірнеше қалалардың басты жолдарын жауып тастады.
Үкімет реформаларынының баяу қарқынына наразы білдіріп көшеге шыққан жүздеген шерушілерді полиция қызметкерлері Ирак астанасы Бағдат жолдарын тазалау мақсатында қою түтінге тұншықтырып, оларға көзден жас ағызатын газ шашты.
Шерушілер үкіметке бір апта бұрын дүйсенбіге дейін жаңа сайлау заңы бойынша жедел сауалнама жүргізіп, тәуелсіз примьер – министрді тағайындау және сыбайлас жемқорлыққа қатысты бар күдікті тұлғаларды қудалауды талап еткен.
Жексенбіден баасталып дүйсенбіге дейін жалғасқан шеруде демонстранттар Бағдат және оңтүстік тас жолдары мен көпірлерді жанған дөңгелектермен бөгеп тастаған.
Аты жөнін айтудан бас тартқан наразылық білдірушілердің бірі былай деді: «біз өз құқығымызды... жастардың жұмысқа орналасу құқығын талап ету үшін жолдарды жауып тастадық».
«Біз орталық үкіметтен мерзімінен бұрын сайлау өткізуді және жаңа тәуелсіз премьер-министрдің кандидатурасын ұсынуды талап етеміз. Егер бұл орын алмаса, біз қаланың барлық тас жолдары мен орталықтарын жауып тастаймыз.»
Куәгерлердің айтуынша оқ дәрілерді қолдану салдарынан бір шеруші көз жұмған.
Оқиға орнындағы дәрігерлер көзден жас ағатын газдың әсерінен зардап шеккен оннан астам адамға көмек көрсеткен.
Al Jazeera тілшісі Имран Ханның хабарлауынша, «жаңалықтарды көрген тұрғындар, оқиға орнына көптеп келіп жатыр - бұл соңғы апталардағы ең үлкен және ең қатыгез демонстрациялардың бірі».
Наразылық Ирактың оңтүстігінде, соның ішінде Насирия, Кербала және Амара қалаларында да басталды, онда демонстранттар көлік дөңгелектерін өртеп, жолдарды жауып тастаған. Көтеріліс 1 қазанда мыңдаған ирактықтар, үкіметте кең етек жайған сыбайлас жемқорлықты, сапасы төмен мемлекеттік қызметті және жұмыс орындарының тапшылығы мәселесін шешуді талап етуге шеруге шыққанда басталған.
Наразылық білдірушілер сонымен қатар Ирактың 2003 жылы АҚШ тың бастаған шабуылынан кейін енгізілген квоталық-саяси жүйені тоқтатуды талап етуде.
Пікір қалдыру