Бұл туралы ол қазақстандық белсенді Ержан Тұрғымбаймен телефон арқылы сөйлесу барысында айтты. Белсенді телефонмен болған әңгімені видеоға түсіріп тұрған.
Байланыстың нашарлығынан әңгіме қайта-қайта үзіле берді. Ержан Тұрғымбайдың сөздері анық естілгенімен, Айсұлтан Рахаттың сөздері еміс-еміс қана естіліп тұрды.
Айсұлтан Рахат алдымен атасы - Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлесіп алып, содан кейін жер жаһандағы нәзік тақырыптар бойынша әңгіме қозғағысы келетінін айтты.
Оның айтуынша, бір қарағанда кез келген адамға абсурд болып көрінетін магияның саясаттағы мүмкіндігі өте жоғары.
"Анам лас істерді жасайтын мыстанның өзі. Ол ғана емес барлық саясаткерлер сонымен айналысады. Олар магияның көмегімен мені өзгерткісі келді. Бірақ қолдарынан келмеді. Анам әкемді жер жастандырып, оны атама жапты. Осы арқылы атамды Еуропаның алдында диктатор қылып көрсетуге тырысты. Анам ұзақ уақыт бойы атаммен байланыс жасауға кедергі келтіріп, нағыз әкемнің атам - Нұрсұлтан Назарбаев екенін жасырып келді" деді (13 мин).
Қоғам белсендісінің "бұны қайдан білдің" деген сұрағына ол "бір адам айтты" деп жауап берді. Алайда ол адамның есімін атамады. Осы тұста байланыс үзілді.
Пікір қалдыру